Абай ауданының Саржал ауылының әкімі сайлауын тағайындау туралы

Абай облысы Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

   ҚАУЛЫСЫ

 

 

Абай ауданының Саржал ауылының әкімі

сайлауын тағайындау туралы

 

 

     Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Абай ауданының Саржал ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылдың 18 ақпанына тағайындалсын.
  2. 2024 жылғы 18 ақпанына тағайындалған Абай ауданының Саржал ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары, осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында және аудандық «Абай елі» газетінде жариялансын.

 

 

Сайлау

комиссиясының төрағасы                                                      Д. Маратұлы

 

Сайлау

комиссиясының хатшысы                                                      Т. Қ. Сағынбаев

 

 

 

 

 

Қарауыл ауылы

2024  жылғы 10 қаңтар

№ 2

 
Дата публикации
18 января 2024