2024 жылдың 18 ақпанға тағайындалған Абай ауданының Саржал ауылдық округінің әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 Абай аудандық сайлау комиссиясының  

2024 жылғы 10 қаңтардағы

№ 2 қаулыcына қосымша

 

2024 жылдың 18 ақпанға тағайындалған

Абай ауданының Саржал ауылдық округінің әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі іс-шаралардың  күнтізбелік жоспары

 

1. Ауылдық округтің әкімін сайлауды тағайындау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

/10 қаңтар 2024 ж.  /                                                       (113-1-б.2,3-т.)

2. Сайлау округтерінің  тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

/2024 жылдың 19 қаңтарынан кешіктірмей/ (22-б.)                                                                                                                                

3. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

/2024 жылдың 19 қаңтарынан кешіктірмей/ (13-б. 4-т.)                                                                                                       

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

/2024 жылдың 24 қаңтарынан кешіктірмей/ (17-б. 2-т.)                                                                                                                             

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау         

 

Тиісті әкімдер

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде

/2024 жылдың 24 қаңтарынан кешіктірмей/             (23-б. 5-т.)                                                                                                                             

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. /2024 жылдың 11 қаңтардан басталады, 23 қаңтарда аяқталады/                      (113-3-б.1-т, 5-т.)

7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Аудандық сайлау комиссиясы                         (4-б.,113-5-б., 11-т.2)т)

 

 

 

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда,  Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін тіркеу аяқталғанға дейін үш күннен кешіктірмей                                                                               (113-4-б.)

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап  жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Аудандық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып, қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде                                                           (113-4-б. 8-т.)

11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімдікке кандидаттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін                                              (113-5-б. 2-т.)

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне (1 қаңтар 2024 жыл) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандитат тіркелгенге дейін                                           (113-5-б. 3-т.)

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде                       (113-5-б. 3-т.)

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма күн қалғанда  жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. /2024 жылдың  24 қаңтарда 18:00-де аяқталады/ (113-5-б. 1-т, 10-т, 14-т.)   

                                                                   

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және аудандық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін                                                             (28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады  

/2024 жылдың 28 қаңтар 18:00-ден басталып, 17 ақпанда сағат 00:00-де аяқталады/                                                                (27-б. 2-т.)

 

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде                                        (28-б. 4-т.)

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Тиісті әкімдер

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

 / 2024 жыл 29 қаңтар/                                                          (24-б. 5-т.)

 

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

/2024 жылдың 03 ақпаннан бастап/                                 (26-б. 1-т.)                                                                                                                 

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен

/2024 жылдың 08 ақпаннан кешіктірмей/     (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)                                                

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын  /2024 жылдың 15 – 17 ақпан аралығы/                   (37-б. 3-т.)                                                                                  

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Жергілікті уақыт бойынша

2024 жылдың 18 ақпан сағат 06:00-де                         (40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін                                                                  (18-б.7-т.,38-б. 1-т.,42-б.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

 (18-б. 8) т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу                   (43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу                   (113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу /

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен

/2024 жылдың 21 ақпаннан кешіктірмей/ (113-10-б.)

29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен    

 /2024 жылдың 25 ақпаннан кешіктірмей/  (44-б.4-т.3)т.)                                                                              

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін /2024 жылдың 25 ақпаннан кешіктірмей/

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

6

Дата публикации
18 января 2024