Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік.

 

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңның 1 бабының 6 тармақшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық -жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың,лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық қызметтік өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдалдар арқылы жеке өзі үшін не үшінші тұлғаларға мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік Қылмыстық Кодексте және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте көзделген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзіреті шегінде барлық мемлекеттік органдар,ұйымдар,квазимемлекеттік сектор субъектілері және лауазымды тұлғалар жүргізуге міндетті. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды,жолын кесуді,ашуды,тергеп-тексеруді және алдын-алуды, оларды жасауды кінәлі адамдарды жауапқа тартуды өз құзіреті шегінде прокуратура,ұлттық қауіпсіздік,ішкі істер,әскери полиция органдары,экономикалық тергеп-тексеру қызметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі  жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі анықталған жағдайда азаматтар 1424 тегін саll орталығына қоңырау шалып,мемлекетке хабарлай алады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам  мемлекет қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен көтермеленеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады . Көрсетілген ақпараттты жария ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпаратты хабарлаған адам заңға сәйкес жауапты болады.

 

Абай облысы Абай ауданы Кеңгірбай би ауылдық округі әкімі Д.Амангелдин

Дата публикации
17 января 2024