Бүгінде сыбайлас жемқорлық мәселесі барлық әлемді алаңдатып отырған аса өзекті мәселелердің бірі. Осыған орай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын бекітті. Тұжырымдамада ағымдағы жағдайға талдау жасалып, алдағы жылдарда шешілетін міндеттер айқындалып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері белгіленген. Негізгі мақсат – сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру.
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыттарының бірі - оның алдын алу. Осы мақсатта Көкбай ауылдық округінің әкімі Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес ауыл тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізіп, кездесу барысында әр тұрғынды мұқият тыңдап, мәселелерін тиімді жолмен шешуге ықпал жасалынады. Әкімнің жеке қабылдауы мен халықпен кездеулерінің уақыты мен өтетін орны @kokbayakimat ресми парақшасында жарияланып тұрады.
Бүгінде мемлекеттік органдарда сенім телефондары орнатылған. Сыбайлас жемқорлықты төмендету факторының бірі - цифрландыру. Цифрландыру мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, азаматтың шенеуніктермен тікелей байланысын, "тұрмыстық" сыбайлас жемқорлықты болдырмай, барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ашықтығына кепілдік береді. Мемлекттік қызметтерді электронды түрде алуға болады. ҚР Үкіметінің ресми www.e-gov.kz порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді уақытты үнемдей отырып жылдам алуға жол ашылды. Осының нәтижесінде бұрын мемлекеттік органдарда бір айға дейін уақыт алатын сұрақтар бүгінде портал арқылы бірнеше сағатта, немесе санаулы күндерде шешімін табуда. Көптеген қағаз жинаудың орнына адам тек электронды қолтаңбасын қояды. Бұл дегеніміз – сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құрудағы жақсы қадамның бірі. Мемлекетіміздің жемқорлықсыз қоғам құру бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табуда. Жүйесіздік, білімсіздік, ұятсыздық, жалқаулық – жемқорлық жайлаған қоғамда пайда болатын құбылыстар. Сол себепті қоғамның дамуын тежейтін бұл жемқорлықпен бірігіп қоғам болып күресу қажет. Себебі – жемқорлықсыз қоғамда өмір сүру және сол жемқорлықсыз қоғамды құру бүгінгі күннің басты талабы.
Абай облысы Абай ауданы
«Көкбай ауылдық округінің
әкімі Ш.Жылқайдар