Абай облысы Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Абай ауданының Саржал ауылының әкімі
сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Абай ауданының Саржал ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылдың 18 ақпанына тағайындалсын.
- 2024 жылғы 18 ақпанына тағайындалған Абай ауданының Саржал ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары, осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында және аудандық «Абай елі» газетінде жариялансын.
Сайлау
комиссиясының төрағасы Д. Маратұлы
Сайлау
комиссиясының хатшысы Т. Қ. Сағынбаев
Қарауыл ауылы
2024 жылғы 10 қаңтар
№ 2