Жоба
Абай ауданының елді мекендерінің шекараларын
(шегін) белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Абай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1.Абай ауданының келесі елді мекендерінің шекаралары (шегі) белгіленсін:
1) осы бірлескен қаулы мен шешімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 қосымшаларына сәйкес жалпы алаңы 50010,0 гектар Қарауыл ауылдық округінің шекарасы (шегі) белгіленсін;
2) осы бірлескен қаулы мен шешімнің 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17 қосымшаларына сәйкес жалпы алаңы 48106,0 гектар Көкбай ауылдық округінің шекарасы (шегі) белгіленсін;
3) осы бірлескен қаулы мен шешімнің 18, 19, 20, 21, 22 қосымшаларына сәйкес жалпы алаңы 20829,0 гектар Тоқтамыс ауылдық округінің шекарасы (шегі) белгіленсін.
2.«Абай облысы Абай ауданының ауылшаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен Абай ауданы әкімдігінің қаулысы және Абай ауданы мәслихатының шешімін Абай облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен қаулы мен шешім Абай ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3.Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуына бақылау Абай ауданының әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4.Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі М.Смагулов
Мәслихат төрағасы М. Нұрсұлтанұлы