Абай ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

 

 

ЖОБА

 

 

 

 

 

Абай ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі (Салық кодексі) 696-3-бабының                        5-тармағына сәйкес, Абай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Абай ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4% - дан 2% - ға төмендетілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 2024 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Абай аудандық  мәслихатының

төрағасы                                                                          М. Нұрсұлтанұлы

 

 

Дата публикации
01 ноября 2023