Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Абай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Абай ауданының әкімі

                   М.Смагулов



 

 

 

 

 

 

 

 

Абай аудандық әкiмдiгiнiң
 қаулысына қосымша

 

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

 

  1. Денсаулық саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:

Басқарушы персонал: денсаулық сақтау ұйымының басшысы мен оның орынбасары, клиникалық (жедел медициналық көмек көрсету бөлімшелерінің, күндізгі стационардың, емхананың) және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушілері, дәріхана (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің) меңгерушісі, басшының әкімшілік-шаруашылық бөлік және мейіргер ісі жөніндегі орынбасары.

Негізгі персонал: мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы дәрігерлер, фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), медициналық мейіргер, тiс дәрігері (дантист), стоматолог-дәрігердің көмекшісі (стоматологтың ассистенті), рентген зертханашысы.

  1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі: коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, бөлімшенің меңгерушісі, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi кеңесші, күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психолог, нұсқаушы, тәрбиеші, медбике, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулерді бағалау және мұқтаждықты анықтау бойынша әлеуметтік қызметкер, мансап орталығының директоры, мансап орталығының құрылымдық бөлімшесінің маманы. Қосалқы персонал: ассистент.
  2. Білім беру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі: мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшының орынбасары, мектепке дейінгі мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы, әдістемелік кабинет меңгерушісі, барлық мамандықтағы мұғалімдер, педагог-психолог, алғашқы әскери дайындық жетекшісі, қосымша білім беру педагогы, педагог-ұйымдастырушы, өндірістік оқыту шебері, әлеуметтік педагог, мұғалім-дефектолог, еңбектерапиясы жөніндегі нұсқаушы, зертханашы, тәрбиеші, музыкалық жетекші, нұсқаушы, кітапханашы, медбике, әдіскер, қосымша білім беру ұйымының басшысы.
  3. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:
    мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы, ауылдық клуб меңгерушісі, әдіскер, әртіс, мәдени ұйымдастырушы, кітапхана директоры, кітапханашы, хореограф, операторлар: дыбыс, бейне, балетмейстер, костюм беруші, музыка жетекшісі, архивист, архивариус.
  4. Дене шынықтыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі: коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, оқу ісі жөніндегі орынбасары, әдіскер, жаттықтырушы, психолог, мейіргер.
  5. Ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі: мемлекеттік кәсіпорынның директоры және директордың орынбасары, ветеринарлық пункттің меңгерушісі;

 мамандар (бас, аға), оның ішінде: (бас) мал дәрігерлері, ветеринарлық фельдшер.

Дата публикации
17 ноября 2023