Абай ауданының  Қарауыл ауылдық округі әкімін сайлау үшін сайлау округін құру туралы

Абай облысы

Абай аудандық  сайлау комиссиясының

№ 9 ҚАУЛЫСЫ

 

01 қараша 2023 жыл                                                                  Қарауыл ауылы

 

Абай ауданының 

Қарауыл ауылдық округі әкімін сайлау үшін сайлау округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының  6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және  22- бабына сәйкес Абай аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Абай ауданының Қарауыл ауылдық округі шекарасында Қарауыл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі құрылсын.
  2. Абай ауданы әкімінің интернет-сайтында және аудандық «Абай елі» газетінде сайлау округтерінің шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіліп, сайлау округтері жариялансын.

 

Сайлау комиссиясының

төрағасы                                                                                       Т.Ерденбеков

 

Сайлау комиссиясының

хатшысы                                                                                       Е.Дүйсембеков

                                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
02 ноября 2023