Өнеркәсіп. 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айы бойынша өндіріс орындары қазіргі бағамен 3 905,0 млн. теңгенің тауарлық өнімдерін өндірген, өндірілген өнім көлемінің индексі 87,5 пайызды құрады. Оның ішінде 3 170,3 млн. теңге (индексі 84,8 пайыз) тау-кен өнімдері, 354,8 млн. теңге (индексі 126,5 пайыз) өңдеу өнеркәсібі.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы шығарылымы 38 588,7 млн. теңге, индексі 103,7 пайыз.
Ауылшаруашылық құрылымдары мен жеке меншік тұлғалар осы мерзімге тірі салмақтағы ет – 28 715,2 тонна, немесе былтырғы жылмен салыстырғанда -103,5 пайызға, сүт – 39 220,7 тонна немесе 105,6 пайызға, жұмыртқа – 1 296,2 мың дана өндіріп, 105,0 пайызды құрады.
Бүгінгі күні аудан бойынша 134 237 бас қой-ешкі малы, 83 704 бас мүйізді ірі қара, 54 547 бас жылқы малдары қолда бар. (Қой-ешкі малы 101,8 пайызға, мүйізді ірі қара малы 103,0 пайызға, жылқы малы 104,9 пайызға өсіп отыр).
Инвестиция. Негізгі капиталға инвестиция көлемі осы мерзімге 5 139,9 млн.теңгені құрады, индексі 149,3 пайыз.
Бөлшек сауда көлемі 2 497,6 млн. теңге, индексі 104,4 пайыз. Көтерме сауда көлемі 430,6 млн. теңге, индексі 115,1 пайыз.
Тұрғын үй. Қаңтар-қыркүйек айларында жеке секторларда 4 710 шарша метр тұрғын үй құрылысы салынды, өсім қарқыны 104,3 пайыз.
3 555,3 млн. теңгенің құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілді, былтырғы жылмен салыстырғанда 112,6 пайызды құрады.
Кіші бизнес. Жұмыс істеп тұрған кіші және орта кәсіпорындардың саны 1 481 бірлік, былтырғы жылмен салыстырғанда 125,9 пайызға өскен.
Бюджет. 9 айда меншікті кірістер 880 297,1 мың теңгеге жоспарланып, 1 066 068,6 мың теңгеге орындалды, орындалу 121,0 пайызға өскен.
9 айда бюджет шығысы 3 млрд. 376 млн. 588,4 мың теңгеге жоспарланып, ол 3 млрд. 373 млн. 780,8 мың теңгеге орындалды, яғни 99,9 пайыз.
2023 жылдың бекітілген бюджет көлемі 4 млрд. 523 млн. 618,0 мың теңге.
Жұмыспен қамту. Жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарда есепте тұрған жұмыссыздардың саны 388 адам. Ресми жұмыссыздықтың деңгейі 4,5 пайыз. Жаңадан тұрақты 314 жұмыс орыны ашылды. 457 адам жұмысқа орналысты. Қоғамдық жұмысқа 239 адам тартылды.
Орташа еңбек ақы 298 952 теңге, 2022 жылмен салыстырғанда 114,5 пайызға жоғары.
Экономика және қаржы
бөлімінің басшысы Қ.Қариев