Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 қазандағы № 40/5-VІ
«Абай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен
тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
5 тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлем тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.».