Абай ауданының елді мекендерінің шекараларын  (шегін) белгілеу туралы

жоба

 

Абай ауданының елді мекендерінің шекараларын  (шегін) белгілеу туралы

 

         Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108 – бабының 5 – тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 3) тармақшасына,  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Заңының 6– бабы 1–тармағының 4) тармақшасына, 31 –бабының 2 – тармағына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Абай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1.Абай ауданының елді мекендерінің шекаралары (шегі):

1) Құндызды ауылдық округінің Жүрекадыр ауылының жалпы  алаңы 24086,6 гектар   1-2-3 қосымшаларға сәйкес белгіленсін;

2) Архат ауылдық округінің Архат ауылының оның ішінде орда елді мекенінің жалпы алаңы 29014,58  гектар 4-5-6 қосымшаларға  сәйкес белгіленсін;

3) Қасқабұлақ ауылдық округінің Қасқабұлақ ауылының оның ішінде Бөрілі елді мекенінің жалпы алаңы  43002,74 гектар 7-8 қосымшаларға сәйкес белгіленсін;

4) Саржал ауылдық округінің Саржал ауылының жалпы алаңы 33723,4  гектар 9-10-11-12-13-14 қосымшаларға сәйкес белгіленсін;

5) Медеу ауылдық округінің Медеу ауылының жалпы алаңы 9875,5  гектар                          15-16 қосымшаларға сәйкес белгіленсін;

6) Кеңгірбай би ауылдық округінің Кеңгірбай би ауылының жалпы алаңы 17304,7 гектар 17-18-19 қосымшаларға сәйкес белгіленсін.

2.«Абай облысы Абай ауданының ауылшаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген  тәртіппен:

1) осы бірлескен Абай ауданы әкімдігіның қаулысы және Абай ауданы мәслихатының шешімі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін.

2) осы бірлескен қаулы мен шешім оның ресми жарияланған күнінен кейін Абай ауданы әкімдігінің  интернет – ресурсында орналастырылуы  қамтамасыз етсін.

3.Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуына бақылау Абай ауданының әкімінің орынбасары  М.Смагуловқа жүктелсін.

4.Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  

 

 

Аудан әкімі                                                                 Н.Абдыкаримов

 

Мәслихат төрағасы                                                М.Нұрсұтанұлы

Дата публикации
14 сентября 2023