«Абай ауданы бойынша шетелдіктер
үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін
2022 жылға бекіту туралы»
Абай аудандық мәслихатының
2022 жылғы 17 мамырдағы № 22/3-VII
шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1.«Абай ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін 2022 жылға бекіту туралы» Абай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 17 мамырдағы № 22/3-VII (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 28186 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай аудандық
мәслихатының төрағасы М. Нұрсұлтанұлы