Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-3-бабының 1-тармағына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері бір шаршы метр үшін бір айға 46,22 теңге сомасында бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
22 мая 2023