Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауды жария талқылау қортындысы
Абай ауданының әкімдігінің дербес бөлімдерінде, ауылдық округтер әкімдіктерінде, аудандық квазимемлекеттік секторларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жасалған жылғы ішкі талдау нәтижелері аудан әкімдігінің ғимаратында жария тыңдауда талқыланды.
Жария тыңдау барысында сыбайлас жемқорлық тауекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша құжаттардың мерзімінде тіркеуге алынуы және орындалуы туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша, жеке қабылдау бойынша, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жасалған қосымша талдамалық анықтамада көзделген ұсыныстарды талқылау мен пысықтаулар жүргізілді.
Жария тыңдау барысында:
1) Қарауыл ауылдық округі әкімі аппаратының ішкі талдауы;
2) Кеңгірбай би ауылдық округі әкімі аппараты ішкі талдауы;
3) Көкбай ауылдық округі әкімі аппараты ішкі талдауы;
4) Құндызды ауылдық округі әкімі аппараты ішкі талдауы;
5) Архат ауылдық округі әкімі аппараты ішкі талдауы;
6) Қасқабұлақ ауылдық округі әкімі аппараты ішкі талдауы;
7) Саржал ауылдық округі әкімі аппараты ішкі талдауы;
8) Медеу ауылдық округі әкімі аппараты ішкі талдауы;
9) Тоқтамыс ауылдық округі әкімі аппараты ішкі талдауы;
10) Ауылшаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлім ішкі талдауы;
11) Дене шынықтыру спорт және туризм бөлімі ішкі талдауы;
12) Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ішкі талдауы;
13) Сәулет, құрылыс ТҮКШ және АЖ бөлімі ішкі талдауы;
14) Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ішкі талдауы;
15) Экономика және қаржы бөлімі ішкі талдауы;
16) «Мәдениет үйі» КМҚК ішкі талдауы;
17) ШЖҚ «Риза» КМҚК ішкі талдауларының қортындылары талқыланды.
Жария тыңдауға қатысқан тұлғалар тарапынан ұсыныстар мен пікір алмасулар орын алды. Аппарат басшы Д.Маратұлы қатысушыларға алғыс білдіріп, жария тыңдауды жабық деп қорытындылады.
Жүргізілген талдамалық жұмыстарды талқылау мақсатында тиісті сала және мекеме өкілдерінің қатысуымен отырыс өткізілді.
Жиналысқа дербес бөлімдердің басшысылары, бөлім мамандары, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы, қоғамдық кеңестің төрағасы қатысып, жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатындағы жасалған жұмыстар бойынша өз пікірлерін және алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықтың орын алмауы мақсатында өз ұсыныстарын ортаға салды.
Жиналыс барысында, ішкі талдау қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдағы уақытта болдырмау бойынша шаралар атқару, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша мәдениетті қалыптастыруды тапсырылды.