Шөп – өрт объектісі. Жеке секторда ірі жем-шөп дайындау басталғаннан бастап аула аумақтарында шөпті дұрыс жинамау салдарынан өрттер көбейеді. Жойылған мал азығының саны үлкен көлемге жетеді, бұл ірі материалдық залал келтіруге және шаруа қожалықтары қызметкерлерінің еңбектерін жоққа шығаруға алып келеді. Өрт жақын маңда орналасқан шаруашылық құрылыстарына да жылдам таралады. Осындай өрттердің негізгі себептері тұрғындардың отпен және от жағу көздерімен абайсыз болуы, балалардың отпен ойнауы болып табылады.

Құрметті азаматтар, дайындаған жем-шөптеріңіздің жануына жол бермеу мақсатында, Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі келесідей өрт қауіпсіздік талаптарын сақтауды ұсынады:
- қоралар мен басқа да шаруашылық құрылыстардың төбелерінде;
- электр желілерінің астында;
- учаскенің сыртқы қоршауынан 3 метрден кем қашықтықта;
- көшелерде, жолдарда, үй маңындағы учаскелерден тыс жерлерде.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу ҚР ӘҚБК 410-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
ШҚО ТЖД Абай ауданының ТЖ бөлімі.