Абай ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2022 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

Абай ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2022 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

 

Абай ауданында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтерді     5 дербес бөлім және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары, ауылдық округтер (9) әкімдерінің аппараттары көрсетеді.

2022 жылы Абай ауданының жергілікті атқарушы органдары жеке және заңды тұлғаларға барлығы 17 347  (жеке тұлғаларға – 15 097, заңды тұлғаларға 2 250) мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Оның ішінде:

  • ХҚКО арқылы - 643 (3,7 %) қызмет;
  • Электронды түрде - 16553 (95,4 %) қызмет;
  • «Электронды үкімет порталы» арқылы - 15503 (93,7 %) қызмет;
  • «Е-лицензиялау» АЖ арқылы - 495 (2,8 %) қызмет;
  • Көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген қызметтер ("электрондық үкімет" веб-порталын қоспағанда) www.egov.kz, www.elicense.kz), арқылы - 535 (3,8 %) қызмет.

Электронды үкімет порталы (ЭҮП) арқылы көрсетілген қызметтер үлесі

95,4 % (2021 жылы 94,9 %) құрады.

          Ең көп сұранысқа ие болатын қызметтер:

     Сәулет және құрылыс саласында:

  • Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу – 527 қызмет;
  • Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну – 240 қызмет;

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында:

  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау – 425 қызмет;
  • Жұмыссыздарды тіркеу – 1022 қызмет.

Жер қатынастары саласында:

  • Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту – 825 қызмет;
  • Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 455 қызмет.

 

Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңы                 11-бабының 12-тармағына және «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген  қағиданың 41 тармағына сәйкес, 2022 жылғы                        22 желтоқсандағы Абай ауданы әкімі аппараты басшысының «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жөнінде 2022 жылға іс – шаралар жоспарын бекіту туралы» №73 бұйрығы негізінде халыққа мемлекеттік қызмет көрсететін                    6 мемлекеттік мекемеде ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.

 

  1. «Абай ауданы Архат ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, ақпан айы
  2. «Абай ауданы Құндызды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, наурыз айы
  3. «Абай ауданының денешынықтыру және спорт бөлімі» ММ, мамыр айы
  4. «Абай ауданы Медеу ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, шілде айы
  5. «Абай ауданы Саржал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, қыркүйек айы
  6. «Абай ауданы жер қатынастары бөлімі» КММ, қазан айы

 

          Осы іс шаралардың қорытындысына сәйкес 3 мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңдылықтарды бұзу фактілері орын алған.

Оның ішінде:

Ішкі бақылау жұмыстарының қорытындылары бойынша барлығы 3 бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар берілген. Барлық ұсынымдар орындалды.

          2022 жылы мемлекеттік қызмет алушыларға 161 мемлекеттік қызметтер көрсетуден уәжді бас тартылды, оның ішінде:

  • ХҚКО арқылы – 108 бас тарту;
  • «Электронды үкімет порталы» арқылы – 43 бас тарту;
  • «Е-лицензирование» АЖ арқылы – 10 бас тарту;

Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағым түскен жоқ.

"Электрондық үкімет" порталы арқылы пайдаланушылар үлесін арттыру үшін ауданда 9 электрондық қызмет орталығы жұмыс істейді, онда электрондық қызметтерді алу және ЭЦҚ алуға өтінімді ресімдеу үшін консультациялар жүргізіледі.

Аудан әкімі аппаратының мамандары, аудандық дербес бөлімдерді тұрақты негізде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік-құқықтық актілерді, мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін түсіндіру, ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен уақтылығын одан әрі арттыру мәселелері тұрақты бақылауда.

 

 

 

Дата публикации
14 апреля 2023