Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 қазандағы № 40/5-VІ «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес,Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 қазандағы № 40/5-VІ «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6245болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 12 қарашада жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

           көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидаларында:

           5-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
06 июля 2020