Шешімнің жобасы
Абай ауданы бойынша жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8–бабына, 11–бабының 1–тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6–бабының 1–тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Абай ауданы бойынша елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) 1–қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Қарауыл ауылы бойынша аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) 2–қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Абай ауданының елді мекендері бойынша жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері 3–қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Абай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 7 наурыздағы № 11/6–V «Абай ауданы бойынша жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффиценттерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2926 болып тіркелген, 2013 жылғы 7 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтық құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
Мәслихат хатшысы Е. Лдибаев