Об определении перечня и границ избирательных округов по выборам депутатов Мажилиса Парламента Республики Казахстан по одномандатным избирательным округам

Бірмандаттық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің тізбесі мен шекараларын айқындау туралы

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 2-2) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына және 22-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің тізбесі мен шекаралары қосымшаға сәйкес айқындалсын.
  2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
  3. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төраға

 Н. Әбдіров

Хатшы

М. Ерман

 

 

 

 

Астана қаласы, 

2022 жылғы 24 желтоқсан 

№ 130/625

Дата публикации
24 января 2023