Жазатайым оқиғалардың көбі сумен байланысты. Олардың басым көпшілігі - қарапайым қауіпсіздік шараларын елемегендіктен орын алуда.
Су айдындарында қарапайым суда батып кетуге болады. Белгісіз су айдындарында суға түсу, ауыр жарақаттар мен қолайсыздыққа әкелуі мүмкін: су түбінен немесе судағы әртүрлі заттардан жарақат алуыңыз мүмкін.
Ең жиі себептері – құрысулар. Егер сіздің бір аяғыңыз құрысып, онсыз-ақ жүзіп шығамын деп ойласаңыз қателесесіз. Әрине тәжірибелі жүзуші аяқсыз немесе қолсыз жүзе алады, дегенмен құрысу күшті және кенеттен пайда болатын ауру. Адам алдымен су жұтып, содан кейін бата бастайды. Құрысулар көбіне салқын суда пайда болады.
Су түбіне және су түбіндегі заттрға денені соғып алу, адамдардың суға кетуінің бірден-бір себебі.
Үрей де суға батудың себебі болуы мүмкін. Мысалы адам ұзақ жерге жүзіп кетіп, кенет тереңдікке келіп қалғанын түсініп үрейленуі мүмкін. Бұл жағдай көбіне тәжірибесіз жүзгіштерде болып табылады.
Судағы қауіптер – су иірімі және ағыс адамның суға батуына себеп болады. Ағыс өздігінен себеп болмайды, бірақ адамды жағадан алыс жерге алып кете алады. Сонымен қатар қатты толқындарды ұмытпаған жөн, толқыннанда тұншығуыңыз мүмкін.
Суға батудың ең бірінші себебі – алкоголь. Мас адамның белгісіз жерде суға шомылуы, салқын суда (денесі құрысқанға дейін) ұзақ болуы, алысқа жүзіп кетуі т.с.с.
Жаз мезгілінде суда өзін ұстау ережелері;
Сіз өмірдің бір рет берілетінін ұмытпаңыз - одан өзіңізді ақымақтығыңыздан айырылудың жөні жоқ!
ШҚО ТЖД Абай ауданының
Төтенше жағдайлар бөлімінің
бастығының м.а,
азаматтық қорғау майоры Д.Тұрғали