Абай ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 29 тамыздағы №129 «Абай ауданы бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»Конституциялық Заңының 28 бабының 4 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 8 тармағына сәйкес,Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес кандидаттарға сайлаушыларымен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар берілсін.
- Абай облысы Абай ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
- Осы қаулыны Абай облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
- Мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялауға Абай ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;
- Осы қаулы ресми түрде жарияланған соң Абай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін
- «Абай ауданы бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізінде үй-жай беру туралы» Абай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы №34 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4417 болып тіркелген,Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 4 наурызында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Абай ауданы әкімінің аппарат басшысы Д.Маратұлына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімі Н.Абдыкаримов