Абай ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 29 тамыздағы №129 «Абай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Абай ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 29 тамыздағы №129  «Абай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы  28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының        6 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                              23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 8 тармағына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Абай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
  2. «Абай облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
  • Осы қаулыны Абай облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
  • Мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялауға Абай ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;
  • Осы қаулы ресми түрде жарияланған соң Абай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін
  1. «Абай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» Абай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы №33 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4416 болып тіркелген,Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 3 наурызында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Абай ауданы әкімінің аппарат басшысы Д.Маратұлына жүктелсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

Аудан әкімі                                                                          Н.Абдыкаримов

Келісілді:

Аумақтық сайлау комиссиясының

төрағасы Т.Ерденбеков ________

«___» ___________ 20__ ж

 

 

Дата публикации
05 января 2023