О внесении изменений и дополнения в решение Абайского районного маслихата от 18 июня 2019 года № 36/2-VI «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Абай аудандық мәслихатының  2019 жылғы 18 маусымдағы                    № 36/2-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін                           белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Абай аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы»                      2019 жылғы 18 маусымдағы № 36/2-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде      № 6031 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж  азаматтардың  жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

2 тармақтың 3) , 9) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

«3) ең төмен күнкөріс деңгейі – "Шығыс Қазақстан облысының статистика органы есептейтін, мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;»;

«9) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.»;

7 тармақтың 2) тармақшасының бірінші және төртінші абзацтары жаңа редакцияда жазылсын:

«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарға – 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;»;

«1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға– 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;»;

7 тармақ  4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – 30 тамыз:

«1 топтағы мүгедектігі бар адамдарға және 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға (мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне) – 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде.».

2.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы                                                                Аты-жөні

 

Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 маусымдағы № 36/2-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Дата публикации
11 января 2023