Календарный план основных мероприятий по подготовке и проведению выборов акима Токтамысского сельского округа Абайского района, назначенных на 12 февраля 2023 года

                                                                                                 Абай аудандық

                                                                                                 аумақтық сайлау комиссиясының

                                                                                                 2023 жылғы 4 қандар  № 2

                                                                                                 қаулысымен бекітілді

 

 

 

2023 жылғы 12 ақпанға тағайындалған Абай ауданының  Тоқтамыс ауылдық округінің әкімінің сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі  іс-шаралардың   

күнтізбелік жоспары

 

 

1. Аудандық маңызы бар қалалардың,  ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін (бұдан әрі – әкімдерді) сайлауды тағайындау

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

4 қантар 2023 года

 (113-1-б. 2, 3-т.)

 

2. Сайлау округтерінің  тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2023 жылғы 14 қантарынан

 (22-б.)

 

3. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

                            Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

   2023 жылғы 14 қантарынан (13-б. 4-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау     

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей  - 2023 жылғы 19 қантарынан

                                                                     (17-б. 2-т.)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау           

 

Тиісті әкімдер

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей- 2023 жылғы 19 қантарынан

                                                         (23-б., 5-т.)

   

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен 2023  жылғы 4 қантарда басталады және 2023 жылғы               19 қантарда сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

(113-3-б. 1-т.)

 

7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

 (4-б., 113-5-б., 11-т. 2-тт.)

 

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

 

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда,  Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап  жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 7-т.)

 

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы 2023 жылының                                1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімдікке кандидатттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 2-т.)

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2023 жыл 1 қаңтарға)

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелген дейін

(113-5-б. 3-т.)

 

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

 (113-5-б. 4-т.)

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін 2023 жылғы  4  қаңтарда  басталады және  2023 жылғы                  24  қаңтарда сайлау күнінен он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

 (113-5-б.)

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық

сайлау комиссиялары

Үгіт басталғанға дейін

 (28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен  2023  жылғы 24 қаңтарда сағат 18.00 де басталады және 2023 жылғы 10 ақпанда сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

                                                                              (27-б. 2-т.)

 

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін              үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары 

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-б. 4-т.)

 

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Тиісті әкімдер

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын -

2023 жылғы 23  қаңтарға дейін

 (24-б. 5-т.)

 

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда –

2023 жылғы 28 қаңтарда            

                                                                                (26-б. 1-т.)

 

 

 

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей  - 2023 жылғы 2 ақпанға дейін

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын - - 2023 жылғы 9  ақпаннан ерте емес және  11  ақпаннан кешіктірмей

 (37-б. 3-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

 - 2023 жылғы 12  ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат   06:00-де

 (40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 (38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                   

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

 (18-б. 8) т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

 (43-б. 8-т.)

 

 

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық (қалалық) аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну                                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 (113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей - 

- 2023 жылғы 15 ақпаннан

 (113-10-б.)

 

29. Әкімді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей-- 2023 жылғы 16 ақпаннан

 

 (44-б.)

 

30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

 

Сайланған әкімден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін-2023 жылғы 19 ақпаннан кешіктірмей

 

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
04 января 2023