Тоқтамыс ауылдық округінің әкімін сайлауын тағайындау туралы

Абай облысы

Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

Тоқтамыс ауылдық округінің

әкімін сайлауын тағайындау туралы

 

     «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1 бабына сәйкес, Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Тоқтамыс ауылдық округінің әкімін сайлау 2023 жылдың 12 ақпанына тағайындалсын:
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Абай ауданының 2023 жылғы 12 ақпанға тағайындалған Тоқтамыс ауылдық округінің әкімін сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар күнтізбелік жоспар бекітілсін.
  3. Осы қаулы Абай аудандық сайлау комиссиясының интернет-сайтында және аудандық «Абай елі» газетінде жариялансын.

 

 

 

Сайлау

комиссиясының төрағасы                                                      Т.Ерденбеков                                

 

Сайлау

комиссиясының хатшысы                                                    Ә.Түгелжанов

 

 

 

 

Қарауыл ауылы 

2023 жыл 04 қаңтар

№ 2

 

 

Дата публикации
04 января 2023