Абай аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

 

 

 

Қарауыл ауылы

ҚАУЛЫ

№ 16

 

 

 

 

 

   2022 жылғы 29 желтоқсан

 

 

Абай аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, және  Абай ауданық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 15 «Абай аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша Абай аудандық сайлау комиссияларын құру туралы» қаулысына сәйкес, Абай аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Абай аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 10 округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
  2. Абай аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Абай аудандық мәслихатына жіберілсін.
  3. Осы қаулы Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Абай елі» газетіне орналастырылсын.
  4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Абай аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                             Т. Ерденбеков

                                               

Абай аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                               Ә. Түгелжанов

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 декабря 2022