Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Абай облысы білім басқармасының "Абай ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Б.Н. Скакованың атынан мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.

Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурстық рәсімге қатысу үшін Абай облысы білім басқармасының "Абай ауданының білім бөлімі" ММ-не мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймесінің және дауыстық хабарландырудың болуы туралы ақпаратты;

3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған аумақтық алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымымен шарт (сыйымдылығы үш топқа дейін);

4) педагогтік немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы штат кестесінің және құжаттарының көшірмелері;

Жоғарыда көрсетілген құжаттарды қабылдауды Абай облысы білім басқармасының "Абай ауданының білім бөлімі" ММ конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарландыру орналастырылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Мектепке дейінгі ұйымдар басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды Абай облысы білім басқармасының "Абай ауданының білім бөлімі" ММ электрондық поштасына электрондық форматта жібереді.

Электрондық форматта құжаттарды ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда, көрсетілген құжаттарды мектепке дейінгі ұйым Абай облысы білім басқармасының "Абай ауданының білім бөлімі" ММ-не қағаз форматта жібереді.

Білім беру мемлекеттік тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа қатысуға ниет білдірген барлық қатысушылар 2022 жылғы 29 желтоқсан сағат 18:00 - ден кешіктірілмейтін мерзімде Абай облысы білім басқармасының "Абай ауданының білім бөлімі" ММ-не мына мекен-жайда орналасқан: Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Ералы көшесі 6, кабинет №6 құжаттардың толық пакеті немесе мектепке дейінгі ұйымдар басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды жібереді, электрондық поштаға metod_abai@mail.ru Абай облысы білім басқармасының "Абай ауданының білім бөлімі" ММ электрондық форматта.

            Абай облысы білім басқармасының "Абай ауданының білім бөлімі" ММ-де құжаттарды тіркеу аяқталған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Комиссия мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған, оның ішінде тиісті мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды қарайды. Құжаттар міндетті бейне және аудио тіркеумен әлеуетті қызмет көрсетушілердің қатысуымен қаралады.

          Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім Абай облысы білім басқармасының "Абай ауданының білім бөлімі" ММ интернет-ресурсында жарияланатын болады.

 

Абай облысы білім басқармасының
 "Абай ауданының білім бөлімі" ММ басшысы           Б. Скакова

Дата публикации
27 декабря 2022