Құндызды ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы

Абай облысы

Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

Құндызды ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 22-бабына, 14 бабының 6 тармақшасына, 21 бабының 4 тармағына сәйкес, Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. Құндызды ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылсын:

 

  • Құндызды ауылдық округінің әкімі – Құндызды ауылдық округінің шекарасындағы Құндызды сайлау округі.

 

  1. Құндызды сайлау округінің шекарасы мен аудандық сайлау комиссиясының мекен-жайын Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет- сайтына және «Абай елі» аудандық газетінде жариялансын..

 

 

Сайлау

комиссиясының төрағасы                                                  Т.Ерденбеков                 

 

Сайлау

комиссиясының хатшысы                                                 Ә.Түгелжанов

 

 

 

    Қарауыл ауылы,  

    2022 жыл 17 маусым,                     

    № 5  

 

Дата публикации
17 июня 2022