Абай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы

 

 

                                                                                                                                      ЖОБА

 

                                               

 

 

 

 

 

 

 

Абай ауданы

бойынша сайлау учаскелерін құру туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23 бабына сәйкес, Абай ауданының әкімі  ШЕШТІ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Абай ауданы бойынша сайлау учаскелері құрылсын.
  2. «Абай облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімді Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы шешімді көшірмесін ресми жариялауға Абай ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;

3) осы шешім ресми түрде жарияланған соң Абай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. «Абай облысы Абай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» Абай ауданы әкімінің  2019  жылғы  29 тамыздағы № 19 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6137 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2019 жылғы 5 қыркүйегінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Абай ауданы әкімінің аппарат басшысы Д.Маратұлына жүктелсін.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                   Н.Абдыкаримов

 

 

Келісілді:

Абай облысы Абай аудандық

аумақтық сайлау комиссиясының

төрағасы Т.Ерденбеков_________

«___»__________20__ж.

Дата публикации
06 декабря 2022