Сыбайлас жемқорлықпен күресуге ұлттық сана, нақты іс қажет

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 26 желтоқсанындағы №986 Жарлығымен бекітілген ҚР 2015-2025ж.ж. арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында сыбайлас жемқорлық «ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін» құбылыс ретінде бағаланған.

Сыбайлас жемқорлыққа мемлекет пен қоғам біріге отырып,  қарсы күресу керек. Сыбайлас жемқорлық – жай ғана құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің сенімді тұтастығын ажыратып, ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Ал, қоғам дегеніміз – сіз бен біз, яғни, біздің заңға, қоғамдағы өзіміздің міндеттеріміз бен моральдық ахуалымызға деген бір-біріміздің қарым-қатынасымыз.  Демек, зұлымдықтың тамырын қоғамның өзінен іздеген жөн. Біз сыбайлас жемқорлықтың неден басталғанын байқасақ та, байқамаған сияқты тұрамыз. Бірақ бәрі содан басталады. Біз әділетсіздікті көргенде мемлекетті кінәлап, өз ренішімізді білдіреміз, алайда, сыбайлас жемқорлықпен күресуге келгенде ешқайсымыз атсалыспаймыз.

Халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез-келген ортада пара беру мен пара алудың  жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Осы уақытқа дейін біз сыбайлас жемқорлықпен күресу қажет деп келсек, ендігі уақытта басты идеологиялық құжатымыз стратегияда көрсетілгендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл деп айтамыз. Демек, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты кінәлілерді анықтап, олардың жауапкершілігін  қараумен ғана шектелмей, жалпы сыбайлас жемқорлықтың себептерін анықтап,  оның алдын алуды жүзеге асыруға бетбұрыс жасады.

Еліміздің әрбір азаматы қандай да бір заңнаманы сәйкесінше қолдана білсе, мемлекеттік қызметкердің өз лауазымын заңсыз қолдануына жол бермесе, яғнизаңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін тиімді қолданса еліміз дерттен арылып,әлемдегі дамыған елдер қатарынан орын алуына үлкен үлес қосылар еді.

Құндызды ауылдық округі әкімінің аппараты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда  жұртшылықты кеңінен тарту мақсатында түсіндірме жұмыстарын үнемі тұрақты түрде жүргізіп тұрады.

 

Құндызды ауылдық округі әкімінің      аппараты

Дата публикации
19 мая 2020