ХАБАРЛАМА
2022 жылғы 04 қыркүйекте Абай ауданының Медеу ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, Абай ауданының Медеу ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Медеу сайлау округі бойынша
Медеу ауылдық округі әкімінің сайлауы
Медеу сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 215 сайлаушылар енгізілді, оның ішінде 172 дауыс берді.
Медеу ауылдық округінің әкімі болып Роллан Маратұлы Жақсылықов сайланды, 1988 жылы туған, «Медеу ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, әкім, Абай облысы, Абай ауданы, Медеу ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2022 жылғы 05 қыркүйектегі шешімімен Абай ауданы Медеу ауылдық округі әкімі болып сайланған – Роллан Маратұлы Жақсылықовты тіркеді.
Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы