Медеу ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу туралы ақпарат
Ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінде Абай облысы Абай ауданының Медеу ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлау қорытындысы бойынша "Аманат"партиясынан кандидат сайланды.
Сайлаушылардың келуі 80,0% немесе 172 сайлаушыны құрады (барлық сайлаушылар саны - 215).
Сайлау бюллетеньдеріне 2 кандидат енгізілді, оның ішінде "Аманат" партиясы ұсынған-1, өзін-өзі ұсыну арқылы-1.
Сайлауға 2 бақылаушы, 3 сенімді тұлға қатысты.
Негізгі үміткерді ауыстыру болған жоқ.
Сайлау заң бұзушылықсыз өтті. Прокуратура органдарына арыз-шағымдар, сотқа талап арыздар түскен жоқ.
Санау қорытындысы бойынша "Аманат" партиясы ұсынған Р.М. Жақсылықовқа 160 сайлаушы (95,2%) дауыс берді, өзін-өзі ұсынған М.С. Закарияновқа 8 сайлаушы (4,8%) дауыс берді, барлығына қарсы дауыс берген 3 адам (1,74%), 1 бюллетень жарамсыз деп танылды.
Сайлау қорытындысы бойынша Абай ауданы Медеу ауылдық округі әкімі болып 160 дауыс (95,2%) жинаған Жаксылыков Роллан Маратович сайланды.