Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 42/9-VІ «2020-2022 жылдарға арналған Абай ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109 бабының  5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының        1) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы        6 сәуірдегі № 37/420-VI «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы  № 35/389-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6865 болып тіркелген) шешіміне сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы  № 42/9-VІ «2020-2022 жылдарға арналған Абай ауданының бюджеті туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде       № 6475  болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 14 қаңтарда жарияланған)  мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3  қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

  • кірістер – 7 796 872,3 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 478 462,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 3 170,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 395,0 мың теңге; 

трансферттер түсімі – 7 311 845,3 мың теңге;

  • шығындар – 9 364 354,7 мың теңге;
  • таза бюджеттік кредиттеу – 177 664,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 194 847,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 17 183,0 мың теңге;

  • қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 81 820,0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 81 820,0 мың теңге;         

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;  

  • бюджет тапшылығы (профициті) – - 1 825 311,4 мың теңге;
  • бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 825 311,4 мың теңге;

қарыздар түсімі – 1 714 602,2 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 17 183,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 127 892,2 мың теңге.»;

4 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«4. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына сәйкес бюджет қаражаты есебiнен ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, саласындағы азаматтық қызметшілерге қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер ескерілсін.

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша жергiлiктi атқарушы орган айқындайды»;

3 қосымшаға сәйкес 7 қосымша  толықтырылсын;

аталған шешімнің 1, 5 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес келесі редакцияда жазылсын.                     

  1. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға тарайды.

 

         

 

 

 

 

 

 

 

Сессия төрағасы                                                              А. Белібаев

 

Мәслихат  хатшысы                                                                    Е. Лдибаев



Дата публикации
17 апреля 2020