Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 42/9-VІ «2020-2022 жылдарға арналған Абай ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-бабының  5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 36/410-VI «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы  № 35/389-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6778 болып тіркелген) шешіміне сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы  № 42/9-VІ «2020-2022 жылдарға арналған Абай ауданының бюджеті туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде       № 6475  болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде      2020 жылғы 14 қаңтарда жарияланған)  мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3  қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

  • кірістер – 7 698 412,7 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 478 462,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 3 170,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 395,0 мың теңге; 

трансферттер түсімі – 7 213 385,7 мың теңге;

  • шығындар – 7 744 484,9 мың теңге;
  • таза бюджеттік кредиттеу – 54 394,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 71 577,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 17 183,0 мың теңге;

  • қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 81 820,0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 81 820,0 мың теңге;         

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;  

  • бюджет тапшылығы (профициті) – - 182 286,2 мың теңге;
  • бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 182 286,2 мың теңге;

қарыздар түсімі – 71 577,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 17 183,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 127 892,2 мың теңге.»;

аталған шешімнің 1,5 қосымшалары осы шешімнің 1,2 қосымшаларына сәйкес келесі редакцияда жазылсын.

  1. 3 қосымшаға сәйкес Абай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешім   2020  жылдың   1   қаңтарынан    бастап  қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

 

А. Елубаев

Мәслихат хатшысы

 

Е. Лдибаев



Дата публикации
26 марта 2020