Абай облысы Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

 

 

Абай облысы

Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

Медеу ауылдық округінің

әкімін сайлауын тағайындау туралы

 

     «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1 бабына сәйкес, Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Медеу ауылдық округінің әкімін сайлау 2022 жылдың 04 қыркүйегіне тағайындалсын:
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Абай ауданының 2022 жылғы 04 қыркүйекке тағайындалған Медеу ауылдық округінің әкімін сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар күнтізбелік жоспар бекітілсін.
  3. Осы қаулы Абай аудандық сайлау комиссиясының интернет-сайтында және аудандық «Абай елі» газетінде жариялансын.

 

 

 

Сайлау

комиссиясының төрағасы                                                      Т.Ерденбеков                                

 

Сайлау

комиссиясының хатшысы                                                    Ә.Түгелжанов

 

 

 

 

Қарауыл ауылы 

2022 жыл 05 тамыз

№ 11

 

 

Дата публикации
05 августа 2022