Абай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 3 қарашадағы № 14/3-VІІ «Абай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абай аудандық мәслихатының 2021 жылғы  3 қарашадағы  № 14/3-VІІ «Абай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды  жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы»  шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Абай аудандық мәслихатының «Абай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2021 жылғы  3 қарашадағы  № 14/3-VІІ  шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25141 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

           көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

           «Абай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы»; 

          осы шешімнің қосымшасына сәйкес көрсетілген шешімге қосымша жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім  оның алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  кейін  күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы                                                                            Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                              шешіміне қосымша

 

Абай аудандық  мәслихатының 2021 жылғы 3 қарашадағы  № 14/3-VII  шешіміне қосымша

 

Абай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

 

 

  1. Осы Абай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен  бекітілген  «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (әрі қарай-шығындарды өтеу қағидалары)  сәйкес әзірленді.
  2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі-оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орынының анықтамасы негізінде «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»  мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
  3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу ( толық мемлекеттің қамтамасыз етуіндегі мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкілдеріне отбасының табысына қарамастан беріледі.
  4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық- медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.
  5. Шығындарды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
  6. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі шығындарды өтеу Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, ал қандастар үшін – жеке басын сәйкестендіру үшін қандас куәлігі ұсынылады.
  7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедектігі бар балаға оқу жылына ай сайын төрт айлық есептік көрсеткішке тең.
  8. Оқытуға жұмсаған шығындарды өтемеу негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.
Дата публикации
03 августа 2022