ХАБАРЛАМА Құндызды сайлау округі бойынша Құндызды ауылдық округі әкімінің сайлауы

ХАБАРЛАМА

 

2022 жылғы 17 шілдеде Абай ауданының Құндызды ауылдық  округі әкімінің сайлауы өтті.

          Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, Абай ауданының Құндызды ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Құндызды сайлау округі бойынша

Құндызды ауылдық округі әкімінің сайлауы

 

          Құндызды сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 810 сайлаушлар енгізілді, оның ішінде 512 дауыс берді.

Құндызды ауылдық округінің әкімі болып Думан Мәнәпұлы Ысқақов сайланды, 1975 жылы туған,  «Құндызды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, әкім, Абай облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылының тұрғыны,             өзін-өзі ұсынған.

Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2022 жылғы 18 шілдедегі шешімімен Абай ауданы Құндызды ауылдық округі әкімі болып сайланған – Думан Мәнәпұлы Ысқақовты тіркеді.

 

 

 

Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
18 июля 2022