Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету бойынша мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және

жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың  мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету бойынша мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 5,9-тармағына  сәйкес, Абай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету бойынша мамандар лауазымдарының тізбесі қосымша бойынша анықталсын.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Абай ауданының әкімі

                   Н.Абдыкаримов



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абай аудандық әкiмдiгiнiң
2022 жылғы ____ маусымдағы
№ ___ қаулысына қосымша

 

Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және

жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың  мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету бойынша мамандар лауазымдарының тізбесі

 

  1. Денсаулық саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:

Басқарушы персонал: денсаулық сақтау ұйымының басшысы мен оның орынбасары, клиникалық (жедел медициналық көмек көрсету бөлімшелерінің, күндізгі стационардың, емхананың) және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушілері, дәріхана (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің) меңгерушісі, басшының әкімшілік-шаруашылық бөлік және мейіргер ісі жөніндегі орынбасары.

Негізгі персонал: мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы дәрігерлер, фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), медициналық мейіргер, тiс дәрігері (дантист), стоматолог-дәрігердің көмекшісі (стоматологтың ассистенті), рентген зертханашысы.

  1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі: коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, бөлімшенің меңгерушісі, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi кеңесші, күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психолог, нұсқаушы, тәрбиеші, медбике, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулерді бағалау және мұқтаждықты анықтау бойынша әлеуметтік қызметкер, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы. Қосалқы персонал: ассистент.
  2. Білім беру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі: мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшының орынбасары, мектепке дейінгі мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы, әдістемелік кабинет меңгерушісі, барлық мамандықтағы мұғалімдер, педагог-психолог, алғашқы әскери дайындық жетекшісі, қосымша білім беру педагогы, педагог-ұйымдастырушы, өндірістік оқыту шебері, әлеуметтік педагог, мұғалім-дефектолог, еңбектерапиясы жөніндегі нұсқаушы, зертханашы, тәрбиеші, музыкалық жетекші, нұсқаушы, кітапханашы, медбике, әдіскер, қосымша білім беру ұйымының басшысы.
  3. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:
    мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы, әдіскер, әртіс, мәдени ұйымдастырушы, кітапхана директоры, кітапханашы, хореограф, операторлар: дыбыс, бейне, балетмейстер, костюм беруші, музыка жетекшісі.
    5. Дене шынықтыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі: коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, оқу ісі жөніндегі орынбасары, жаттықтырушы.
  4. Ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі: мемлекеттік кәсіпорынның директоры және директордың орынбасары;

 мамандар (бас, аға), оның ішінде: (бас) мал дәрігерлері (оның ішінде дәрігер-дезинфектор, дәрігер-эпизоотолог), ветеринарлық фельдшер, ветеринарлық санитар.

Дата публикации
15 июля 2022