2020-2022 жылдарға арналған Абай ауданының бюджеті туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 73, 75-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                   23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының                                 1) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 35/389-VI «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы»     (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде           № 6427 болып тіркелген) шешіміне сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2020-2022 жылдарға  арналған  аудандық  бюджет 1, 2 және 3  қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
    • кірістер – 7 168 787,0 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 490 220,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 5 170,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5 100,0 мың теңге; 

трансферттер түсімі – 6 664 932,0 мың теңге;

  • шығындар – 7 168 787,0 мың теңге;
  • таза бюджеттік кредиттеу – 54 394,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 71 577,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 17 183,0 мың теңге;

  • қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 400,0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 400,0 мың теңге;    

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;  

  • бюджет тапшылығы (профициті) – - 54 394,0 мың теңге;
  • бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 54 394,0 мың теңге;

қарыздар түсімі – 71 577,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 17 183,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. Аудан бюджетіне 2020 жылға арналған әлеуметтік салық, төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы, төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы, төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша кірістерді бөлу нормативтері Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 35/389-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6427 болып тіркелген) шешіміне сәйкес, 100 пайыз болып орындауға қабылдансын.
  2. 2020 жылға облыстық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 3 395 979,0 мың теңге сомасында ескерілсін.
  3. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына сәйкес бюджет қаражаты есебiнен ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы азаматтық қызметшілерге қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер ескерілсін.

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.

  1. 2020 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен ауылдық округтердің бюджеттерiне берілетін субвенциялар көлемi 222 331,0 мың теңге сомасында белгіленсін, соның ішінде:

Қарауыл ауылдық округіне – 45 768,0 мың теңге;

Қасқабұлақ ауылдық округіне – 24 234,0 мың теңге;

Кеңгірбай Би ауылдық округіне – 19 082,0 мың теңге;

Көкбай ауылдық округіне – 25 538,0 мың теңге;

Құндызды ауылдық округіне – 23 284,0 мың теңге;

Архат ауылдық округіне – 20 850,0 мың теңге;

Саржал ауылдық округіне – 24 196,0 мың теңге;

Медеу ауылдық округіне – 18 326,0 мың теңге;

Тоқтамыс ауылдық округіне – 21 053,0 мың теңге.

  1. 2020 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві  10 010,0 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. 2020 жылға   арналған   секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалар тізбесі 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін.
  3. 2020 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер көлемі 1 860 802,0 мың теңге сомасында ескерілсін.
  4. 2020 жылға арналған аудандық бюджетке республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер көлемі 1 408 151,0 мың теңге сомасында ескерілсін.
  5. Әлеуметтік сала мамандарын қолдау шараларын іске асыру үшін аудандық бюджетке республикалық бюджеттен кредиттер көлемі 71 577,0 мың теңге сомасында ескерілсін.
  6. Аудандық бюджеттен 2020 жылға ауылдық округ әкімдерінің бюджеттеріне берілетін нысаналы трансферттер 5 қосымшаға сәйкес ескерілсін.
  7. 6 қосымшаға сәйкес Абай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  8. Осы шешім 2020   жылдың   1     қаңтарынан    бастап  қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы,                                                                                

Абай аудандық

мәслихатының хатшысы                                                        Е. Лдибаев    

Дата публикации
01 января 2020