Тауардың сапасы сын көтермей, азық-түліктің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жағдайда оны чек арқылы ғана қайтарып беруге болады. тауарды сатып алған сәтте түбіртегін де сұрату қажет . Өйткені, бұл саудагер мен сатып алушының арасындағы түрлі түсініспеушіліктің алдын алады. Осыған орай Мемлекет басшысының өзін-өзі реттеу, қоғамдық бақылау тетіктерін мораторий қолдану кезеңінде жандандыру туралы тапсырмаларына сәйкес Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау-касса машинасының фискалдық түбертектерін бермеу не төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілерін анықтау үшін 2021 жылғы 20 қазаннан бастап «Азаматтық бақылау-Түбіртекті талап ет» акциясын қайта бастады. Азаматтық бақылау түбіртекті талап ет акциясын кез келген ниет білдіруші азамат қатыса алады. Бұзушылық фактісі расталған жағдайда хабарлама жөңелтушісі телефон теңгеріміне мың теңге көлемінде сыйақы алады.Барлық жіберілген өтініштер мемлекеттік кірістер органдарымен қарастырылатын болады. фискалыдық түбіртектерін бермеу не төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілерін ар стор немесе плай маркет арқылы вайпон кашбек тегін мобильді қосымшасын жүкеу арқылы хабарлауға болады. Жалпы кәсіпкер туралы ақпаратты білу үшін сатып алушы касса маңайында орналасқан кюар кодтты сканерлеп алуға болады. Жанағы кюар кодтта жеке кәсіпкер бойынша барлық мәліметтер болады.Жеке кәсіпкердің аты жөні оның сәйкестендіру нөмірі,бақылау қассалық машинасы туралы барлық ақпараттар тұрады. «Азаматтық бақылау түбіртекті талап ет» көлеңкелі экономикаға тосқауыл қою және тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында осымен бірнеше жыл қатарынан қолға алынған .Ол республика көлемінде өтуде. Мемлекеттік кірістер комитеті еліміздің барлық азаматтарына өздерінін азаматтық ұстанымдарын білдіруге заңды бұзуға нөлдік төзімділік танытуға және акцияға белсенді қатысуға шақырады.