Өңірдегі қалыптасқан ыстық, құрғақ ауа-райы тұрғындардың қыстан кейін үй маңындағы учаскені тазалай бастауына ықпал етеді. Өрт қауіпсіздігін сақтамай қоқыс өртеуде, салдарынан өкінішке әкеп соғып жатқаны да жоқ емес. Өрттер барлық аудандарда дерлік бұрқ ете қалды. Оның ең көбі Үржарда тіркелген. Бұнда отты абайсыз пайдаланғаны үшін түрлі ауылдарда шаруа құрылыстары, шөп және ауылшаруашылық техникасы да өртенген.
Ең күрделі өртті Жарма ауданындағы Жаңғызтөбеде өшірді. Бұл жерде үй жанындағы қоқыс өртенген. Желдің қатты соғуынан өрт әп-сәтте ағаш қашаға, шөп пен жақын маңдағы шаруа қожалығына тарап кеткен. Үй иелері өртті көрсе салысымен өрт сөндірушілерге хабарласқан кезде өрт көрші құрылыстарға тарап кеткен еді. Өрт орнына бірінші болып осы ауылдағы әскери бөлімнің қызметкерлері келіп жетті. Ең жақын өрт сөндіру бөлімі 30 шақырымда орналасқан еді, олар келе салысымен өртті ауыздықтауға кірісті.қорада газ баллондарының бар екенін біле салысымен – 32-ӨСБ жігіттері дереу оны алып шықты, сондай-ақ жанармай құйылған бөшкені салқындату арқылы ЖЖМ өртенуінің алдын алды.
Өрттен қорадағы жануарлар – қой, ешкі-лағымен, бұзаулар мен қозылар жанып кетті. Өрт екі көрші үйге біршама материалдық шығынға батырды. Өрт сөндірушілер тұрғындарға шөпті өртемеу, оны уақтылы тазалап, жинауды ұсынады. Құрғақ шөпті арнайы шұңқырға салып, қоқыс орындарына тастаңыз. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар, өзге үйлерге қауіп төндірмеңіздер. Сонай-ақ өрт сөндіру қызметінің мамандары өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚтК 336-бабына сәйкес жауаптылық көзделгенін еске салады.
ШҚО ТЖД Абай ауданының ТЖ бөлімі