Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2021 жыл бойынша есебі.
2021 жылы Абай ауданы бойынша 18127 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
«Электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін құжаттар 26 (баламалы), 0,14 құрайды;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 740 мемлекеттік қызметтер, 4,08 % құрайды;
Электрондық түрде 17367 мемлекеттік қызметтер көрсетілді (ЭҮП – 16021, ол 92,2 % құрайды; Е-лицензиялау – 550, ол 3,16 % құрайды; көрсетілген қызметті берушінің ақпараттық жүйелері – 1225, ол 4,67 % құрайды;) 95,31 % құрайды. 123 бас тарту тіркелді, барлығы негілделген.
Электрондық форматта 14640 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы санының 88,9 % құрайды.
2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша халыққа түсіндіру мақсатында 15 семинар өткізілді, жергілікті «Абай елі» газетіне мемлекеттік қызметтер бойынша халықты ақпараттандыру мақсатында 9 мақала жарияланды.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 11 бабының 12) тармағына, «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу қағидасы туралы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 8 желтоқсан 2016 жылғы № 78 санды бұйрығына сәйкес аудан әкімі аппаратында 2021 жылға арналған бақылау іс-шаралары жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 6 бақылау іс-шаралары жүргізілді.
Аудан бойынша 9 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары орналастырылған. Оның ішінде интернет желісі қосылған 6 ауылдық округте, қалғаны аудан орталығында орналасқан. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышына жауапты мамандар бекітіліп, мемлекеттік қызметтерді алушыларға тиісті ақпараттарды ұсынып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады.
Аудандық қоғамдық кеңестің отырысында тоқсан сайын мемлекеттік қызметтердің сапасы жөнінде баяндамалар жасалып, берілген тапсырмалар уақытында орындалады.
«Абай ауданы әкімінің аппараты» ММ.