Х А Т Т А М А № 6
30.03.2022ж. Қарауыл ауылы
Абай аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болды.
Бірлескен отырысқа аудандық мәслихаттың депутаттары қатысты.
Отырысқа қатысқан депутаттар:
КҮН ТӘРТІБІ:
Абай ауданын әкімшілік-аумақтық құрылысы Шығыс Қазақстан облысынан жаңа құрылатын Абай облысына беру ұсынысы туралы.
ТЫҢДАЛДЫ:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша:
Елубаев Асқар Болатқазыұлы - Абай аудандық мәслихатының депутаты - Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының «Еліміздің әкімшілік – аумақтық құрылымын жетілдіру туралы айтылып, Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынды. Семей қаласы жаңа Абай облысының орталығы болатыны айтылды.
Балтакаева Алмагүл Кәбиқызы – Абай аудандық мәслихатының депутаты – Сегізінші айтылған Еліміздің әкімшілік – аумақтық құрылымын жетілдіру. Сайлау жүйесіне, Парламентті жасақтау тәртібіне өзгеріс енгізген кезде елдің әкімшілік-аумақтық құрылымын ескеру керектігі айтылды. Қазір Қазақстан дамудың келесі кезеңіне қадам басқанын көріп отырмыз. «Қуатты өңірлер – қуатты ел» деген ұстаным өте өзекті. Еліміздегі әкімшілік –аумақтық құрылымының оңтайлы болуы өте маңызды деп есептеймін. Біздер Абай аудандық мәслихатының депутаттары Президентіміздің ұсынысын бірауыздан қолдаймыз.
Шығыс Қазақстан облысының өкілді және атқарушы органдарына Абай ауданын әкімшілік-аумақтық құрылысы Шығыс Қазақстан облысынан жаңа құрылатын Абай облысына беру ұсынысы жіберілсін
Комиссия төрағалары А.Елубаев
А.Балтакаева