«SalyqBot»
Халыққа салық және кеден мәселелерін түсіндіру, халықтың хабардар болуын жақсарту және кері байланыс алу бойынша жедел көмек көрсету мақсатында 2022 жылғы 1 наурыздан бастап @"SalyqBot" сілтемесі бойынша іске қосылған Чат-бот іске қосылды (немесе тікелей сілтеме бойынша https://t.me/salyqbot ) (бұдан әрі - "SalyqBot").
«SalyqBot» - цифрлық салық консультанты байланыс орталықтарына келіп түсетін өтініштер негізінде әзірленген деректер базасына иелік етеді, бұл пайдаланушыға салық және кеден заңнамасы бойынша қойылған сұрақтарға оператордың қатысуынсыз жедел жауап алуға мүмкіндік береді.
Пайдаланушының берілген жауап деңгейін ұдайы бағалауына, сондай-ақ сұрақ қоюына, өтінішті-тілек, ұсыныстар немесе тікелей «SalyqBot» операторына қосылуына мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар, ҚР ҚМ МКК-мен салық төлеушілерге салық міндеттемелерін орындауды жеңілдететін "e-Salyq Azamat – Электрондық салық әмияны ", "e-Salyq Business" мобильді қосымшалары әзірленді.
"E-salyq-Azamat" мобильді қосымшасы азаматтарға салықтың дайын деректемелері бойынша мүлік, жер және көлік құралдары бойынша алдағы берешек сомасын білуге және бір мезгілде төлем жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қосымша арқылы, үйден шықпай-ақ, бірқатар мемлекеттік қызметтерді алуға болады.
Арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлерге арналған "e-Salyq Business" мобильді қосымшасы салық міндеттемелерін төлеу процесін жеңілдетеді, стационарлық кассалық аппараттарды пайдаланбауға мүмкіндік береді.
2021 жылғы 20 қазаннан бастап бақылау-касса машинасының фискалдық түбертектерін бермеу немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілерін анықтау үшін «Азаматтық бақылау-Түбіртекті талап ет!» акциясы қайта басталды.
«Азаматтық бақылау - Түбіртекті талап ет!» акциясына кез келген ниет білдіруші азамат қатыса алады. Фискалдық түбіртекті бермеу немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы App Store және Play market-тен «WIPON CASHBACK» тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға және фискалдық түбіртекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефон теңгеріміне сыйақы (жеке табыс салығы шегеріле отырып 1000 теңге) алуға болады. Кәсіпкер туралы ақпаратты білу үшін (идентификациялау) салып алушы кассаның жанында орналасқан QR-кодты сканерлеуге болады.