№ 14 от 14.03.2022
денсаулық сақтау министрлігі
БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ |
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
ГЛАВНЫЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ САНИТАРНЫЙ ВРАЧ |
2022 жылғы 14 наурыздағы № 14 14 марта 2022 года № 14
Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан
«Ashyq» жобасын енгізу туралы
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) объектілерде енгізу кезінде «Ashyq» жобасын техникалық қолдауды;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне және оның аумақтық департаменттеріне «Ashyq» ақпараттық жүйесінен «қызыл» мәртебесі бар келушінің жобаға қатысатын объектіге бару фактісін тіркеу туралы мәліметтерді алу (жүктеп алу) мақсатында «Ashyq» платформасына кіруге қолжетімдігін қамтамасыз етсін.
1) осы қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес объектілерде «Ashyq» жобасын енгізуді;
2) осы қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жобаны іске асыруға қатысатын объектілердің тізбесін айқындауды;
3) халықты, жеке және заңды тұлғаларды жобаға қатысатын объектілерге кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформаларды (мысалы, eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк платформасындағы аналогы, www.ashyq.kz сайты) пайдалану қажеттігі туралы хабардар етуді;
4) «Ashyq» жобасына қатысушылар туралы ақпаратты әкімдіктердің сайтына орналастыруды;
5) зертханалардың COVID-19-ға ПТР-тестілеу нәтижелері бойынша зертханалық ақпараттық жүйелерге мәліметтерді уақтылы енгізуін және оларды Ұлттық сараптама орталығының Бірыңғай интеграцияланған порталына (ҰСО БИП) беруді;
6) Cаll-орталықтарды ұйымдастыру арқылы халықты және кәсіпкерлерді оқыту бойынша техникалық қолдауды;
7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және осы қаулыда белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік туралы жобаға қатысушылардың назарына жеткізуді;
8) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндері уақыт бойынша шектеулер белгілемей жұмыс режимін;
9) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес мынадай өңірлерде орналасқан келушілерде бейтарап («көк») немесе қауіпсіз («жасыл») мәртебе болған жағдайда:
- «жасыл» (эпидемиологиялық тәуекелі төмен) және «сары» (эпидемиологиялық тәуекелі орташа) аймақтарда – қызметі шектеусіз;
- «қызыл» аймақта (эпидемиологиялық тәуекелі жоғары) – объектілерді толтыру бойынша шектеулер арқылы жұмыс режимін қамтамасыз етсін.
Эпидемиологиялық бағалау матрицасына сәйкес «жасыл» және «сары» аймақтарда орналасқан өңірлерде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген объектілерде «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану міндетті болып табылмайды және қызметін шектемей, субъектінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін.
Эпидемиологиялық тәуекелі жоғары аймақта («қызыл» аймақ) орналасқан өңірлерде «Ashyq» жобасына қатысушылар қызметін шектеусіз жүзеге асыруы үшін қызметкерлер мен келушілерге қауіпсіз («жасыл») мәртебе бойынша талапты ерікті түрде енгізе алады;
10) Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайд болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) шешімінің негізінде эпидемиологиялық тәуекелі жоғары аймақта («қызыл» аймақта) орналасқан өңірлерде қатаңдату бойынша қосымша шаралар қабылдауды;
11) жобаға қатысушылардың арасында бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз етсін.
1) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарының сақталуын бақылауды;
2) «Ashyq» жобасын ұйымдастыруға және пайдалануға қойылатын талаптарды бұзу фактілері бойынша жобаға қатысушыларға қатысты және шектеу және карантиндік шараларды бұзуға жол берген адамдарға қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдауды;
3) осы қаулының 1-тармағында көзделмеген жаңа қатысушыларды жобаға енгізу құқығынсыз осы қаулыны басшылыққа алуды;
4) ВАК шешімінің негізінде шектеу шараларын енгізу жағдайларын қоспағанда, «жасыл», «сары» және «қызыл» аймақтардағы жобаға қатысушыларға қатысты карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдау құқығынсыз осы қаулыны басшылыққа алуды қамтамасыз етсін.
1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етсін;
2) эпидемиологиялық бағалау матрицасына сәйкес «қызыл» аймақта орналасқан өңірлерде осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес талаптарды сақтауды жалғастырсын;
3) осы қаулының талаптарының сақталуын қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері А. Есмағамбетова
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2022 жылғы «14» наурыздағы
№ 14 қаулысына
1-қосымша
«Ashyq» жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмі
1) заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен InfoKazakhstan.kz басты бетіне кіруі және ЭЦҚ арқылы пайдаланушының деректерін толтыруы қажет;
2) авторизациядан кейін «Менің өтінімдерім» қосымша беті автоматты түрде ашылады, онда «Жаңадан өтінім беру» батырмасын басу қажет;
3) «Жаңа өтінім» қосымша бетіне кіре отырып, кәсіпкер өтінім нысанын толтырады және QR-код алуға сұрау жібереді. QR-код алу алдында «Білім базасын» жүктеуі (кіру кезінде орналастыру үшін инфографика, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулылары, «Ashyq» жобасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар және т. б.) және материалдармен танысуы қажет;
4) субъект (объект) рұқсат беру құжаттарының бар екенін және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін растайды. QR-код субъектіде ашуға рұқсат/хабарлама (эпидемиялық мәні жоғары объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе эпидемиялық мәні елеусіз объектілер қызметінің басталғаны туралы хабарлама) бар болған кезде ғана беріледі.
1) жұмыскерлердің (персоналдың) және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, COVID-19-дың таралуын барынша азайту үшін (меншік нысанына қарамастан) қызметіне рұқсат етілген;
2) оларға қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен немесе Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі қызметке қойылатын талаптар бар кез келген субъекті (объекті) жатқызылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2022 жылғы «14» наурыздағы
№ 14 қаулысына
2-қосымша
«Ashyq» жобасын енгізу және «қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі
– «жасыл» мәртебе: «қауіпсіз» – деректер базасында алынған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен; COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған; COVID-19-ға қарсы ревакцинация алған; соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан; COVID-19-ға қарсы вакцинацияға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері туралы анықтамасы бар адам ретінде белгіленген. Жүріп-тұруына шектеу жоқ;
- «көк» мәртебе: «бейтарап» – ПТР тестілеу нәтижесі жоқ; базада COVID-19 жұқтырған адам ретінде деректер жоқ; COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған; COVID-19-ға қарсы ревакцинацияланбаған. ПТР-тестілеу нәтижелерінің болуы міндетті болып табылатын жерлерден, сондай-ақ «жасыл» мәртебе міндетті болып табылатын жерлерден басқа жерлерде жүріп-тұруына шектеу жоқ;
- «қызыл» мәртебе: «инфекция жұқтырған» – базада COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесімен тіркелген, «инфекция жұқтырған» - U07.1 коды мәртебесі бар пациенттер. Жүріп-тұруын шектеу, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үйде оқшаулаудың қатаң режимін сақтау болжанады.
COVID-19-ға қарсы вакцинациялау курсы аяқталған адамдар үшін «жасыл» мәртебе вакцинаның екінші дозасын алған күннен бастап бір жыл бойы сақталады.
COVID-19-ға қарсы ревакцинация алған адамдар үшін «жасыл» мәртебе ревакцинация алған күннен бастап бір жыл бойы сақталады.
COVID-19-ға теріс ПТР-тестілеу нәтижелері бар (COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алған сәттен бастап 7 күннен ерте емес өткізілген) инфекция жұқтырған адамдарда «қызыл» мәртебе оң нәтиже алған сәттен бастап 7 күн өткенге дейін сақталады.
Алғашқы оң тестілеуді алған сәттен бастап 10 күн өткенге дейін COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алған жағдайда «қызыл» мәртебе COVID-19-ға ПТР-тестілеудің алғашқы оң нәтижесін алған күннен бастап 10 күн ішінде сақталады.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2022 жылғы «14» наурыздағы
№ 14 қаулысына
3-қосымша
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары *
|
р/с № |
Объектілер/салалар ** |
Жасыл аймақ *** |
Сары аймақ *** |
Қызыл аймақ |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1 |
Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар |
+ |
+ |
+ |
|
2 |
Облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар |
+ |
+ |
+ |
|
3 |
Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар |
+ |
+ |
+ |
|
4 |
Отельдер, қонақ үйлер |
+ |
+ |
+ |
|
5 |
Әуежайлар |
+ |
+ |
+ |
|
6 |
Теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар, автомобиль өткізу жолдары, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері |
+ |
+ |
+ |
|
7 |
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы; |
+ |
+ |
+ |
|
8 |
ХҚКО |
+ |
+ |
+ |
|
9 |
Банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері |
+ |
+ |
+ |
|
10 |
Cұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары (алдын ала жазылу бойынша) |
+ |
+ |
+ |
|
11 |
СПА-орталықтар |
+ |
+ |
+ |
|
12 |
Сауналар, моншалар, |
+ |
+ |
+ |
|
13 |
Сауда алаңы 1000 ш.м-ге дейінгіні қоса алғанда (азық-түлік емес) сауда желілері |
+ |
+ |
+ |
|
14 |
Базарлар (жабық) |
+ |
+ |
+ |
|
15 |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары (ата-аналардың өтініштері бойынша)**** |
+ |
+ |
+ |
|
16 |
Қосымша білім беру ұйымдар, білім беру орталықтары**** |
+ |
+ |
+ |
|
17 |
Білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін) |
+ |
+ |
+ |
|
18 |
Балаларды сауықтыру ұйымдары |
+ |
+ |
ü 70%-ға дейін толтырылған кезде |
|
19 |
Океанариум |
+ |
+ |
+
|
|
20 |
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар |
+ |
+ |
ü 70%-ға дейін толтырылған кезде |
|
21 |
Бильярд |
+ |
+ |
ü 70%-ға дейін толтырылған кезде |
|
22 |
PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар |
+ |
+ |
ü 70%-ға дейін толтырылған кезде |
|
23 |
Боулинг |
+ |
+ |
ü 70%-ға дейін толтырылған кезде |
|
24 |
Цирктер |
+ |
+ |
ü 70%-ға дейін толтырылған кезде |
|
25 |
Лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар |
+ |
+
|
+
|
|
26 |
Букмекерлік конторалар |
+ |
+
|
+
|
|
27 |
Балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары |
+
|
+
|
+
|
|
28 |
ЖОО, колледждер**** |
+ |
+ |
+
|
|
29 |
Орта білім беру ұйымдары**** |
+
|
+
|
+
|
|
30 |
Алкогольдік сусындарды сатпайтын асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) |
+
|
+
|
+
|
|
31 |
Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда), банкет залдары (мейрамханалар мен дәмхана типі бойынша қызмет көрсету) |
+ |
+ |
ü 70%-ға дейін толтырылған кезде |
|
32 |
Салтанатты, ас беру, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, ас беру) өткізу |
+ |
+ |
ü 70%-ға дейін толтырылған кезде |
|
33 |
Конференциялар, форумдар, адамдар көп жиналатын ойын-сауық және өзге де іс-шаралар |
+ |
+ |
ü 70%-ға дейін толтырылған кезде |
|
34 |
Көрмелер |
+ |
+ |
ü 70%-ға дейін толтырылған кезде |
|
35 |
Марафондар (ашық ауада) |
+ |
+ |
+ |
|
36 |
Көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар |
+ |
+ |
ü 70%-ға дейін толтырылған кезде |
|
37 |
Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары (жаттығуларды қоса алғанда), фитнес-орталықтары, йога-орталықтары |
+ |
+ |
ü 70%-ға дейін толтырылған кезде |
|
38 |
Діни объектілер (жабық үй-жайларда ұжымдық құдайға құлшылық етуді өткізу) |
+ |
+ |
ü 70%-ға дейін толтырылған кезде |
|
39 |
Ойын клубтары (казино) |
+ |
+ |
ü 70%-ға дейін толтырылған кезде |
|
40 |
Түнгі клубтар |
+ |
+ |
ü 70%-ға дейін толтырылған кезде |
|
41 |
Караоке |
+ |
+ |
ü 70%-ға дейін толтырылған кезде |
|
42 |
Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда алаңы 1000 ш.м-ден асатын (азық-түлік емес) сауда желілері |
+ |
+ |
ü 70%-ға дейін толтырылған кезде |
|
43 |
Сауда алаңы 6000 ш.м-ден асатын (азық-түлік) сауда желілері |
+ |
+ |
ü 70%-ға дейін толтырылған кезде |
|
44 |
Бассейндер |
+ |
+ |
ü 70%-ға дейін толтырылған кезде |
«+» - қызметіне рұқсат етілген;
«ü» - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен);
* - объектілерге келушілерде бейтарап («көк») немесе қауіпсіз («жасыл») мәртебе болған жағдайда кіру;
** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес);
*** - «жасыл» және «сары» аймақтарда орналасқан өңірлердегі объектілерде «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану міндетті болып табылмайды және қызметін шектемей, субъектінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін.
Согласовано
14.03.2022 12:16 Тилесова Айгуль Шарапатовна
14.03.2022 12:27 Рахимжанова Марал Тлеулесовна
14.03.2022 14:52 Садвакасов Нуркан Олжабаевич
Подписано
14.03.2022 20:02 Есмагамбетова Айжан Серикбаевна