Абай ауданының 2020 жылдың 3 айлық әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындысы

Өнеркәсіп.  2020 жылдың қаңтар-наурыз айы бойынша өндіріс орындары қазіргі бағамен  353,1 млн. теңгенің тауарлық өнімдерін өндірген, өндірілген өнім көлемінің индексі 89,3 пайызды құрайды.

         

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы шығарылымы 3 002,7 млн. теңге, индексі 104,3 пайыз.

Ауылшаруашылық құрылымдары мен жеке меншік тұлғалар осы мерзімге тірі салмақтағы ет –3 213,6 тонна, немесе былтырғы жылмен салыстырғанда -104,4 пайызға, сүт – 5 652,2 тонна немесе 105,7 пайызға, жұмыртқа–186,8 мың дана өндіріп, 103,5 пайызды құрады.

Бүгінгі күні аудан бойынша  151 447 бас қой-ешкі малы, 65 311 бас мүйізді ірі қара, 40 287  бас жылқы малдары қолда бар. (Жылқы малы 106,0 пайызға, мүйізді ірі қара малы 103,2 пайызға, қой-ешкі малы 100,5 пайызға өсіп отыр).

 

Инвестиция. Негізгі капиталға инвестиция көлемі осы мерзімге              404,1 млн.теңге тартылып, индексі 37,2 пайыз. Қаңтар-наурыз айларындағы бөлшек сауда тауар айналымы 423,6 млн. теңгені құрады, индексі 100,2 пайыз.

         

Тұрғын үй. Қаңтар-наурыз айларында 655 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынды, былтырғы жылмен салыстырғанда - 119,1 пайыз.

262,0 млн. теңгенің құрылыс монтаж жұмыстары атқарылды, индексі  11,3 есе өскен.

 

Кіші бизнес. Қаңтар-наурыз айларында 39 кіші бизнес тіркеуде тұр, былтырғы жылмен салыстырғанда 97,5 пайыз. Жұмыс істеп тұрғаны  34, былтырғы жылмен салыстырғанда 100,0 пайыз.

         

Бюджет. 3айда меншікті кірістер 119 596,0 мың теңгеге жоспарланып, 203 523,7 мың теңгеге орындалды, орындалу 170,2 пайыз.

3 айда бюджет шығысы 1 млрд. 690 млн. 948,5 мың теңгеге жоспарланып,     1 млрд. 672 млн. 180,9 мың теңгеге орындалды, яғни 98,9 пайыз. Қаржы қалдығы 18 767,6 мың теңге.

 

Жұмыспен қамту. Жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарда есепте тұрған жұмыссыздардың саны 154 адам. Ресми жұмыссыздықтың деңгейі 2,1 пайыз. Жаңадан 15 жұмыс орыны ашылды. 194 адам жұмысқа орналысты. Қоғамдық жұмысқа 92 адам тартылды. 

Орташа еңбек ақы 117 911 теңге, 2019 жылмен салыстырғанда 125,2 пайызға жоғары.

 

Экономика және қаржы

бөлімінің басшысы                                                                                 Қ.Қариев

Дата публикации
21 апреля 2020