Қазір халық тұтастай баллонға сығымдалған пропан, бутан газдарын ас әзірлеуге, үй жылытуға көптеп пайдаланады. Көгілдір отын адамдарға қолдану жағынан өте ыңғайлы – тез тұтанады, таза, ыдыстарға күйе жұқтырмайды, түтін шығармайды.
Былай алып қарағанда газдың отын ретінде пайдасы теңдессіз, бірақ адамдар оның қатерлі жақтарын көбінесе еске ала бермейді. Газға ұқыппен қарамай, сәл ғана қателік кетсе, «дос» болып жүрген пропаныңыз нағыз қатерлі жауыңызға айналып, жақындарыңызға және үйіңізге үлкен апаттар әкелуі мүмкін.
Газ жарылысының салдарынан қайғылы оқиғалар елімізде жиі болып тұрады. Бір адамның ұқыпсыздығынан, қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан көрші тұратын бірнеше жанұя қайғылы жағдайға тап болып, зардап шегеді.
2020 жылдың 03 айында еліміз бойынша газ балонмен 90 астам фактісі тіркеліп, 10-даған адамдар зардап шекті. Қарапайым ғана ережелерді еске ұстамаған жандар орны толмас өкінішке ұрынып жатады.
Қазақстан Республикасының «Газ туралы» Заңы бойынша - газ балон қондырғысын 2 қабаттан жоғары тұрғын үйлерде пайдалануға және сақтауға тыйым салынады.
Қазіргі кезде газ баллондар барлық жерде қолданылады. Газ баллондары алыстағы ауылдарға да таратылады, табиғат аясына демалуға шығатындар өздерімен алып жүреді. Сондықтан оның пайдасымен бірге қаншалықты қауіпті екендігін білген жөн. Адамдар шоғырланған жерде газ баллон жарылса, кішігірім бомбаның жарылғанымен бірдей болады, көп шығын әкеледі.
Осыған орай, азаматтардың газ баллондарды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеміз:
Газды пайдаланғанда нені істеуге болмайды:
Егер газдың иісі шыққанын сезсеңіз:
Тұрғали Дәурен Қуанышберұлы
ШҚО ТЖД Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығының
міндетін атқарушы азаматтық қорғау майоры