ЖОБА
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды,сондай-ақ
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8) тармақшаларына, «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2.«Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Абай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 62 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Смагуловқа жүктелсін.
4.Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ж. Байсабыров