ШҚО-да автокөлік иелері "VIP" нөмірлерін жиі сатып ала бастады

ШҚО-да автокөлік иелері "VIP" нөмірлерін жиі сатып ала бастады

 

Шығысқазақстандық автокөлік иелері 2021 жылы "жоғары сұраныс" деп аталатын нөмірлерге немесе VIP-нөмірлерге 185 млн теңге жұмсады.

Сонымен қатар, облыс тұрғындары өткен жылмен салыстырғанда "сұранысқа жоғары" нөмірлерді жиі сатып ала бастады. 2020 жылы Семей қаласы бойынша 207 нөмір, ал 2021 жылы 298 нөмір сатып алынған. Сол сияқты облыс орталығы Өскеменде 2020 жылы -  175 нөмір, ал 2021 жылы 411 нөмір сатып алынды.

"Азаматтарға арналған үкіметтің" мәліметі бойынша, ШҚО 7-орында, 709 нөмір алынған. VIP-нөмірлерге ең көп жұмсағандар Алматылықтар өткен жылы – 2,2 млрд теңге сомасына 6 882 нөмір сатылды. Екінші орында Шымкенттің автоәуесқойлары – 818 млн теңгеге 3 190 нөмір және Нұр-сұлтан қаласы бойынша 667 млн теңгеге 2 231 нөмірмен көш бастап тұр.

            VIP – нөмірлерге ең аз сұраныс Солтүстік Қазақстан облысында өткен жылы 45 млн теңге сомаға жоғары сұраныстағы 169 нөмір ғана сатып алынды.

Айта кету керек, VIP нөмірлердің құны нөмірлер мен әріптердің комбинациясына байланысты және 174 591-ден 872 955 теңгеге дейін өзгереді.

Бұған қоса, Мемлекеттік нөмір иесі оны үшінші тұлғаға бере алмайды немесе сата алмайды. Автокөлік сатылған жағдайда иесі оны жаңа көлік сатып алғанға дейін арнайы бағамен 6 айға дейін сақтай алады.

 

"Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО

бойынша филиалының баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                            

 

Образцы:

-        простой номер на выбор   ----- 739YWB08 ----- 2,8 мрп (8576,4 тг)

-        не перечисленные здесь простые сочетания цифр + одинаковые буквы-----630GGG03-------- 57 мрп(174591тг)

-        цифры 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707  - ---707AXP02-------------------- 57мрп (174591тг)

-        цифры 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 + одинаковые буквы ------ 077BBB01 ---------- 114мрп (349182 тг)

-        цифры 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 --- 555UFJ06 ------------- 137мрп (419631тг)

-        цифры 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 + одинаковые буквы ------------- 700ZZZ01 ------------- 194 мрп (594222тг)

-        цифры 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 ------------------- 004PRW04--------- 228мрп  (698364тг)

-        цифры 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 + одинаковые буквы  -------- 777XXX02 – 285мрп (872555тг)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
24 февраля 2022